«Ювентус» Роналду кеткеннен кейінгі алғашқы ойында ұтылды

«Ювентус» Роналду кеткеннен кейінгі алғашқы ойында ұтылды
Sportbox

Туриннің «Ювентусі» футболдан Италия чемпионатының екінші тур матчында «Эмполиден» ұтылды, деп хабарлайды vesti.kz.

Туринде өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. 21-минутта жалғыз голды Леонардо Манкузо салды.

Бұл – Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтедке» ауысқанынан кейінгі «Ювентустің» бірінші ойыны.