Велотрекші Рамис Динмухамедов Чехиядағы турнирде «қола» жеңіп алды

Велотрекші Рамис Динмухамедов Чехиядағы турнирде «қола» жеңіп алды

Чехияда тректегі велоспорттан  GP Prostejov - Memorial of Otmar Malecek халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық велошабандоз Рамис Динмухамедов аталған турнирде қола жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасының мүшесі Рамис скретч санаты бойынша бақ сынады. 

Айта кетерлігі, спортшы Nursultan Cycling Team сапында өнер көрсетеді.