Паралимпиада-2020: Зүлфия Ғабидуллина финалға жолдама алды

Паралимпиада-2020: Зүлфия Ғабидуллина финалға жолдама алды
ҚР ҰОК

Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Паралимпиада ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Зүлфия S4 санатында еркін стильде 50 м қашықтықта жүзу бойынша іріктеуде 8-болып финалға шықты.

Айта кетерлігі, Зүлфия Ғабидуллина Рио паралимпиадасында S3 санаты бойынша қатысып, топ жарған болатын. 2019 жылы халықаралық классификаторлар оны физикалық тұрғыдан қимылы ілгеріледі деп, S4 санатына ауыстырды.

Финал 2 қыркүйек күні елорда уақытымен сағат 16:38-де басталады.