Паралимпиада-2020: Зүлфия Ғабидуллина 8-орын алды

Паралимпиада-2020: Зүлфия Ғабидуллина 8-орын алды
Reuters

Токио паралимпиадасында әйелдер арасында 50 метрге еркін стильмен жүзуден S4 санаты бойынша жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2016 жылы Рио паралимпиадасының чемпионы атанған қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина бұл сында медаль ала алмады. Отандасымыз қашықтықты 8.76 секундта жүзіп өтіп, соңғы орынды иеленді.

Бұл сында австралиялық Рэйчел Уотсон алтын медаль алды. Ал күміс пен қола жүлдені италиялық Аржоле Трими мен Испания өкілі Марта Фернандес Инфанте иеленді.