Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы Қытайлық Тайпейден жеңілді

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер командасы Қытайлық Тайпейден жеңілді
Olympic.kz

Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия біріншілігі басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Топтағы бірінші ойында Қазақстан командасы Қытайлық Тайпейге есе жіберді. Қазақстандықтар 0:3 (20:25,22:25,19:25) есебімен ұтылған. 

Құрлық додасында Қазақстан командасы Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей және Сауд Арабиясымен бірге D тобында сынға түсуде. 

Волейболдан Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өтеді.