Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан Литваны ойсырата жеңді

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан Литваны ойсырата жеңді

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Литваны ойсырата жеңді. 

Біздің футзалшылар қарсыластың қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ойын басынан Тайнан мергендік танытып, есепті ашса, артынша Дәурен Тұрсағұлов пен Альберт Ақбалықов ұпайды еселеді. Осылайша ел құрамасы топтық кезеңде қатарынан екі  матчта жеңіске жетті. Қазір Қазақстан турнир кестесінде алты ұпаймен көш басында. Ізін ала Венесуэла, Литва, Коста-Рика командалары жайғасқан.

Ал бірсігүні жерлестеріміз Венесуэламен кездесіп, плей-офф кезеңінің жолдамасын сарапқа салады.