Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан турнирде италиялық Лючия Бронцеттиді жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ширек финалдық кездесуді отандасымыз 2:0 (6:3, 6:2) есебімен өз пайдасына аяқтады. 

Кездесу 1 сағат 24 минут болды. Ойын барысында теннисшілер бірде-бір эйс жасамады. Путинцева допты ойынға қосу кезінде үш рет қателессе, Бронцетти бір рет қателік жасады. 

Енді жартылай финалда Путинцева Ясмин Паолини (Италия) - Сорана-Михаэла Кырстя (Румыния) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.