«Барыс» сырт алаңда «Йокерит» клубынан жеңілді

«Барыс» сырт алаңда «Йокерит» клубынан жеңілді

Хельсинкиде Құрлықтық хоккей лигасының матчы өтті. Жергілікті «Йокерит» елордалық «Барысты» буллит сериясында 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Йокерит» (Финляндия) — «Барыс» (Қазақстан) 3:2 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 1:0) 

Голдар: 

0:1 — 03:19 Михайлис (Морроу)

1:1 — 26:16 Енсен (О’Нилл, Шрёдер)

2:1 — 31:55 Енсен (О’Нилл Брайан, Фриман)

2:2 — 38:06 Фрэттин (Томас, Берглунд)

3:2 — 65:00 Йоэнсуу. Буллит 

Қақпашылар: Ювонен — Ортио 

«Йокерит» осы ойыннан кейін 8 матчта 12 ұпай жинап, Батыс конференциясында екінші орынға көтерілді. Ал 7 ойыннан кейін 5 ұпай еншілеген «Барыс» Шығыс конференциясында 8-орында тұр.