Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшарт жасады

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен жаңа келісімшарт жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Файтерді бұл қуанышпен менеджер Саят Әбдірахманов Instagram желісінде құттықтады. 

Келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген, дегенмен, спортшы сегізбұрышқа қашан оралатыны әзірге белгісіз. 

Жалғас Лас-Вегастағы UFC 264 турниріндегі кейінгі кездесуде америкалық Джером Ривераны тұншықтыру әдісімен жеңген еді.