Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогінде топ жарды

Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогінде топ жарды
Olympic.kz

Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогіне қатысып, елге жеңіспен оралды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Зимбабвенің Ньянга қаласында өткен куботік бәсекеде Аян Elite санатында жеңімпаз атанды. Ол спринтерлік қашықтықты 1:01:18 уақыт көрсеткішінде аяқтаған. 

Күміс және қола медальді Марокко елінің өкілдері Жавад Абделмолла мен Бадр Сиване еншіледі. 

Әйелдер арасында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаан Ханна Ньюман жеңіске жеткен.