Каратеші Софья Берульцева Премьер-лига финалында бақ сынайды

Каратеші Софья Берульцева Премьер-лига финалында бақ сынайды

Қазақстандық каратеші Софья Берульцева Премьер-лига додасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мәскеуде каратеден Премьер-лига жарысы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан сынға түскен Софья Берульцева финалға шықты. 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Айта кетейік, Премьер-лига жарысында төрт қазақстандық атлет финалда алтвн жүлдені сарапқа салады.