Күрестен ӘЧ: Болат Сақаев келесі кезеңге өтіп, Әділ Оспанов жеңілді

Күрестен ӘЧ: Болат Сақаев келесі кезеңге өтіп, Әділ Оспанов жеңілді

Ослода (Норвегия) күрес түрлерінен әлем біріншілігі жалғасуда деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін еркін күрес шеберлері төрт салмақ дәрежесінде финалға жолдама алған балуандарды анықтайды. 

79 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Болат Сақаев венгриялық Цаба Видамен 5:5 есебімен тең түскен. Әдістің сапасы жоғары болғандықтан төрешілер Сақаевты жеңімпаз деп таныды. Ол екінші айналымдағы қарсыласын күтуде. 

65 келідегі Әділ Оспанов бірінші белдесуде Бахрейн атынан күресетін Хаджи Али Мухаммадқа 4:9 есебімен жол берді.