Футзал: «Қайрат» алтыншы рет Қазақстан суперкубогін жеңіп алды

Футзал: «Қайрат» алтыншы рет Қазақстан суперкубогін жеңіп алды
Prosports.kz

«Қайрат» АФК футзалдан Қазақстан суперкубогі матчында «Атырауды» жеңіп, маусымның алғашқы кубогының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 5:2 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапында Рангел, Альберт Ақбалықов, Витао мен Эдсон (дубль) соқты. Ал атыраулықтардан Жомарт Тоқаев пен Эрик Данило көзге түсті.

Естеріңізге сала кетейік, АФК «Қайрат» - Қазақстанның қазіргі чемпионы.