Криштиану Роналду АПЛ-дың қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

Криштиану Роналду АПЛ-дың қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду АПЛ-дың қыркүйектегі үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналду қыркүйекте Премьер-лига аясында үш матч өткізіп, үш гол соққан.  

Осылайша, Роналду карьерасында бесінші рет АПЛ-да ай үздігі танылып отыр.