Күрестен әлем чемпионаты: Н.Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

Күрестен әлем чемпионаты: Н.Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

Норвегияның Осло қаласында күрестен әлем чемпионаты аяқалуға жақын. Бүгін грек-рим күресінің шеберлері 63, 67 және 87 келі салмақта сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов әлемдік доданы сәтті бастады. 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын ол іріктеу кезеңінде украиналық Юрий Шкрюбаны 10:0 есебімен ұтты. 

Турнирдің 1/8 айналымында Тұрсынов венгриялық Иштван Такашпен белдеседі. 

Сондай-ақ бүгін бозкілемге Сұлтан Әсетұлы (63 келі) мен Алмат Кебіспаев (67 келі) шығады.