ӘЧ-ге іріктеу матчында хет-трик жасаған Роналду екі рекорд жаңартты

ӘЧ-ге іріктеу матчында хет-трик жасаған Роналду екі рекорд жаңартты

Португалия құрамасы өз алаңында Люксембургті ойсырата ұтты. Матч әлем чемпионатына іріктеу аясында өтті. 

А тобындағы кездесу Алгарведе өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Криштиану Роналду хет-трик (8, 13 және 87-минут) жасады, алдыңғы екеуі пенальтиден. Сонымен бірге, Бруну Фернандеш (18) және Жоау Пальинья (69-минут) бір голдан салды.

Осылайша, Роналду құрама сапында 10 хет-трик жасап, 2019 жылы өзі орнатқан рекордты жаңартты.

Сонымен қоса, бұл шабуылшының ұлттық команда үшін салған 113, 114 және 115-ші добы – ол әлем рекордын жаңартып отыр. Португалия үшін 2021 жылы 11 матчте Роналду 13 гол салып отыр.

Топтағы өзге ойында Сербия құрамасы Әзірбайжанды ұтты - 3:1.

Сербиялықтар 17 ұпаймен топта бірінші, португалиялықтар (16) екінші, бірақ, бір матч кем ойнады.