Үстел теннисінен Қазақстан кубогінің финалистері анықталды

Үстел теннисінен Қазақстан кубогінің финалистері анықталды

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан кубогі додасы өтіп жатыр. Турнирге 14 ерлер командасы, 13 қыздар командасы қатысуда деп жазады Olympic.kz.

Финалға Шымкент, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және ШҚО командалары жолдама алды.

Бүгін жеңімпаздар анықталады.

Ерлер арасындағы финалда Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысы кездеседі.

Әйелдер арасындағы ақтық сында Қарағанды облысы мен Шымкент спортшылары кездеседі.