ATP рейтингі: қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

ATP рейтингі: қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады
Zakon.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншыларының рейтингін жаңартты.

Бұл туралы еліміздің теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты жоғарылап, 35-сатыға жоғарылады. Ал Михаил Кукушкин 149-орыннан 147-орынға көтерілді. Дмитрий Попко қазір 163-болса, Денис Евсеев 36-сатыға көтеріліп, рейтингте  370-орынға жайғасты. Тимофей Скатов та рейтингтегі позициясын жақсартып, 269 -орынға көтерілді.

Жұптық санат бойынша Андрей Голубев – 36-шы, ал Александр Недовесов 77-орынға тұрақтады.