«Қайрат» - «Қарабах» кездесуі қашан өтеді

«Қайрат» - «Қарабах» кездесуі қашан өтеді

«Манчестер Юнайтед» «Атлантаны» жеңді. Футболдан УЕФА чемпиондар лигасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Ең тартысты матчтардың бірі «Олд Траффорд» стадионында өтті. Жергілікті «Манчестер Юнайтед» пен италиялық «Атланта» арасындағы кездесудегі алғашқы гол 15-минутта соғылы. Қонақтар сапынан Марио Пашалич мергендігімен көзге түсті. Ал оның командаласы Мерих Демирал есепті еселеді. Алаң иелері екінші кезеңде қарқынды күшейтті және матч соңына дейін таразы басын теңестіріп, тіпті алға шығып та үлгерді. Шешуші голды 81-минутта Криштиану Роналду соқты.

Қорытынды есеп – 3:2. «Манчестер Юнайтед» 6 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Ал «Атланта» әзірге үшінші орында.

Ал «Барселона» киевтік «Динамоны» жеңді. Испанияда өткен кездесуде 1 ғана гол соғылды. 36-минутта Жерар Пике мүмкіндікті мүлт жібермей, өз командасына жеңіс әкелді. Соның өзінде католондық клуб қазір «Е» тобының үшінші сатысында тұр. Топ басында - Бавария мен Бенфика клубтары.

КОНФЕРЕНЦИЯЛАР ЛИГАСЫ: «ҚАЙРАТ» - «ҚАРАБАХ»

Әлеуметтік желіге жарияланған қазақ тіліндегі тіркесті қазір жанкүйерлер кеңінен талқылап жатыр. Қос команда бүгін конференциялар лигасы аясында өзара мықтыны анықтайды. Кездесу Баку қаласында өтеді және елорда уақытымен 22:45-те басталады.

Айта кету керек, алаң иелері соңғы 15 матч бойы ешкімге есе жіберген жоқ. Соның арқасында 4 ұпаймен өз тобының басында тұр. Ал «Қайратта» 1 ұпай. Сәйкесінше, әзірге үшінші сатыда. Құрбан Бердыев баптайтын жігіттер соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Жасыл алаңға ұзақ үзілістен кейін Вангер Лав шығуы мүмкін. Ол жарақатынан айығып, жаттығуға қатыса бастаған.

Курбан Бердыев, «Қайрат» клубының бас бапкері:

- Бізге жеңіс керек. Тең нәтиже көңілді көншітпейді. Сондықтан жігіттер барын салып ойнайды. Жергілікті команданың мықты екенін білеміз. Еурокубоктардағы тәжірибесі мол. Бірақ мұнда барлығын ойын алдындағы жоспар мен стратегия шешеді. Жалпы аса тартысты матч болады деп ойлаймын. Вангер Лав Швейцарияда жарақат алған. Бертін келе 2-3 жаттығуға қатысты және алаңға шығуы әбден мүмкін.

ІШКІ БІРІНШІЛІКТЕГІ ТАРТЫС КҮШЕЙДІ

«Арланның» жеңістер сериясы үзілді. Көкшетаулық клуб соңғы 12 матч ешкімге есе жібермей келген. Ел чемпионатының кезекті турында «Сарыарқа» командасымен жолықты. Көкшетау қаласындағы матч аса тартысты өтті және негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. 3:3. Ал қосымша уақытта қонақтар сапындағы Владислав Кулиев мергендігімен көзге түсіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша Сарыарқа 14 ойында 22 ұпай жинап, турнир тізімінің 2-ші сатысына көтерілді. Ал «Арлан» топ басында. Екеуінің арасын 3 ұпай бөліп тұр.

Үздік үштікті өскемендік «Торпедо» түйіндеді. Одан кейінгі сатыларда «Бейбарыс» пен «Ақтөбе» келеді. «Бейбарыс» соңғы матчта «Теміртау» командасымен жолығып, 8:1 есебімен ұтты және оның да топ басына шығу мүмкіндігі бар. Хоккейден ел чемпионатының негізгі бөлігі 21-ші ақпанға дейін жалғасады.