23 жастағы боксшы жабайы аюды жалаң пышақпен өлтірген

23 жастағы боксшы жабайы аюды жалаң пышақпен өлтірген
Eurosport

Боксшы Илья Медведев Ресейдің Түмен облысында жабайы аюды пышақпен өлтірген екен, деп хабарлайды vesti.kz.

23 жастағы спортшы Ертісте балық аулап жүргенде оған жабайы жыртқыш тап берген екен. 

Мәлімет бойынша, арасында Медведев бар үш балықшыға аю шапқан. Жыртқыш 48 жастағы ер адамды өлтіріпті, содан кейін боксшыға тап берген. Илья қарап қалмай бірнеше рет пышақ сұғып үлгерген. 

Аю бұл жарақаттардан өлген, ал Медведьев басы мен қолдарын қатты жарақаттапты. Аман-есен қалған үшінші балықшы спортшыны медициналық мекемеге дейін жеткізген. Қазір боксшы ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.