«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді
«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы чемпионатының XXV туры
Қайрат – Астана
Көрермендерге қарсы дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Барсегян Т. ҚФФ және ҚКФЛ аясында бір айға барлық жарысқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.
Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін, «Fair Play» қағидаттарын бұзғаны үшін, ойыншылар матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кеткені, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ҚКФЛ жетекшілігімен өтетін барлық жарыстан жиырма төрт айға шеттетілсін. Шектеу кезеңі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.