Данияр Елеусінов шайқасқа шығатын бокс кешіне Ангелина Лукас қатысатын болды

Данияр Елеусінов шайқасқа шығатын бокс кешіне Ангелина Лукас қатысатын болды

Ангелина Лукас кәсіпқой боксқа ауысты. Соңғы кезде басынан дау арылмай қойған жерлестіміз ақыры ұлттық құрамадан кетті. Бұл жөнінде спортшының өзі мәлімдеді.

Енді 18 желтоқсанда елордада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатыспақ. Ол ең жеңіл салмақта, яғни 51 келіге дейін өнер көрсетеді және алғашқы жекпе-жегі 4 раундқа есептелген.

«Кәсіпқой боксқа ауысыуымды көпшілік күтті. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында бар шеберлігімді салып, жеңіс сыйлауға тырысамын. Бірақ әуесқой бокстан түбегейлі кетпедім. Негізгі арманым әлем және Олимпиада чемпионы атану» делінген Лукастың әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында.

Айта кетейік, бірер ай бұрын ұлттық құрама сапындағы Ангелина Лукас пен Назым Қызайбай арасында түсініспеушілік туындап, ол қоғамда қызу талқыланды. Тіпті алғашқысы Президентке бейнежазба жолдап, ол жерде ұлттық құрамадағы келеңсіз жағдайларды баяндады.

«Арлан» топ басына шықты. Араға бір күн салып ел чемпионатының үздіктері ауысты. Ішкі чемпионат аясында көкшетаулық клуб бұл жолы Теміртау командасымен жолықты.  Сырт алаңда өткен матч қонақтардың басымдығымен басталды. «Арлан» сапынан Виталий Жиляков пен Роман Бердников мергендігімен көзге түсті. Кейін Жиляков дубльдің авторы атанды. Ал алаң иелері матч соңына дейін есепті теңестіріп үлгірді. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Матч буллиттер сериясына ұласты. Бұл сында көкшетаулық клубтың жолы болды. Соның арқасында ұпай көрсеткішін 35-ке жеткізіп, турнир тізімінде алға шықты. Екінші орында 34 ұпаймен Сарыарқа келеді және негізгі тартыс та енді осы клубтар арасында болмақ. Үздік үштікті елордалық Номад түйіндеп тұр. Соңғысы күні кеше тағы бір астаналық «Қар барысы» командасымен кездесіп, 6:0 есебмен жеңіске жетті. Айта кетейік, негізгі чемпионат ақпанның соңына дейін жалғасады. Одан кейін плей-офф басталады.