Елордада нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр

Елордада нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр

Бүгін елордадағы «Алау» ату клубында пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан жүзден аса спортшы қатысуда. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты біріншілік көрермендердің қатысуынсыз өтіп жатыр. 

Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады.