ҚФФ бас хатшы қызметтен кетті деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ бас хатшы қызметтен кетті деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Kff.kz

Қазақстанның футбол федерациясы Азамат Айтхожиннің Бас хатшы қызметінен кетті деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады. Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді өтінеді. Біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілеріміздегі ақпараттарды қадағалай жүріңіздер» делінген хабарламада.