Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Ресейде «Северсталь» командасымен кездеседі

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Ресейде «Северсталь» командасымен кездеседі
inform.kz

«Барыс» бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» командасымен өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 13-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. «Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал «Северсталь» соңғы алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Спартак» командасына есе жіберді. Ал «Северсталь» Беларусьтің «Динамо» командасынан басым түсті.