Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық боксшы WBA чемпионы атанды

Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық боксшы WBA чемпионы атанды

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминиканалық Алексис Гарсияны жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гамбургте өткен жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда төртінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, ал бесіншісінде техникалық нокаутпен жеңді. 

WBA International титулына ие Кособуцкий осы айқаста WBC International Silver белбеуін де иеленді.