Катар футболдан әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр

Катар футболдан әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр
Football.ua

Катарда футболдан әлем чемпионатының өтуіне тура бір жыл қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дүбірлі дода келесі жылдың 21 қарашасында 60 мың адам сиятын «Әл-Байт» стадионында ашылуы керек. Ауқымды шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Қазірге дейін футбол ойындары өтетін 8 стадионның бесеуі салынып қойған. Сарапшылар Катар сияқты шағын мемлекетте әлем чемпионатын өткізудің өзіндік артықшылықтары барын айтады. Барлық стадиондар ел астанасы Доха қаласы мен оның шетінде орналасқан. Яғни жанкүйерлер бір күнде бірнеше матчты көруіне ыңғайлы болмақ. Бірақ саяхатшыларды баспанамен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі әлемдік доданы көруге 1 милионнан астам адам барады деген болжам бар.