«Барыс» хоккей клубы туралы деректі фильм жарыққа шығады

Отандық телеэкрандарға «Барыс» хоккей клубы  туралы «Вертикаль» атты деректі сериал шығады.

Картинаның сценарий авторы және режиссері Дмитрий Богомолов. Сериалда елордадан шыққан атақты қазақстандық клубтың 19 жылдық тарихы баяндалады. Сондай-ақ көрермен «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасына апаратын қиын жолын, қаржылық проблемаларды, кадрлық өзгерістер мен ішкі командалық қайшылықты көреді. Көп сериялы фильмде клуб құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін түсірілген бірегей мұрағаттық кадрлар ұсынылған.