«Екінші жүлде»: Алина Дауранова ӘК кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді

«Екінші жүлде»: Алина Дауранова ӘК кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді
Иллюстративті фото / Olympic.kz

Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық Алина Дауранова 500 метрге жүгіруден үшінші орын иеленді. Ол 500 метрді 00:39.08 секундта жүгіріп өткен. 

Алтын және күміс медальді Нидерланд елінің өкілдері жеңіп алды. Бұл Алинаның аталған кубоктік кезеңдегі екінші медалі. 

Кеше қазақстандық спортшы 1000 метрге жүгіруден күміс жүлде иеленген болатын.