Бокс, қазіргі бессайыс пен ауыр атлетика 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

Бокс, қазіргі бессайыс пен ауыр атлетика 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ
Panorama.am

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін жариялады. Олардың қатарында бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ деп жазады Olympic.kz. 

Бұған дейін ХОК президенті 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға енетін 28 спорт түрін жариялаған болатын. Аталған тізімге үш спорт түрі енбей қалды. 

«ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек. IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны айындапы шығуы қажет», - деді Бах. 

Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады.