Ковид кесірінен «Тоттенхэм» мен «Ренн» клубтары кездесе алмады

Ковид кесірінен «Тоттенхэм» мен «Ренн» клубтары кездесе алмады

УЕФА-ның Лига конференциясында ағылшындардың «Тоттенхэм» клубы мен француздардың «Ренн» клубы арасындағы футбол ойыны болмай қалды.

Себеп Тоттенхэмның 8 футболшысы мен 5 қызметкері вирус жұқтырған. Лондондық клуб алдағы «Брайтонмен» де кездесуді кейінге қалдыруды сұраған екен.

Айта кетейік, «Тоттенхэм» мен «Ренн» арасындағы ойын Еуропаның Лига конференциясындағы топтық кезеңнің алтыншы турындағы соңғы матч болған. Жалпы Тоттенхэм 5 турдан кейін «Джи» тобында екінші келеді.