Зарина Дияс WTA рейтингінде бір сатыға көтерілді

Зарина Дияс WTA рейтингінде бір сатыға көтерілді
Tengrinews

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтинг көшбасшысы бұрынғысынша австралиялық Эшли Барти. Екінші орында белорусиялық Арина Соболенко, ал үшінші орында испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруса тұр.

Қазақстандық теннисшілер бұрынғы орындарында қалды: Елена Рыбакина – 14-орын, Юлия Путинцева – 42-орын. Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, қазір 103-орынға жайғасты.

Жұптық сында чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, сондай-ақ Қытай Тайбэйінің өкілі Се Су-Вэй көш бастап тұр.

Рыбакина бір сатыға төмендеп, 50-орынға табан тіреді. Анна Данилина 75-орын, Дияс 179-орында қалды.