Аралас жекпе-жек спортшысы күтпеген жерден көз жұмды

Аралас жекпе-жек спортшысы күтпеген жерден көз жұмды
kp.ru

Bellator және PFL промоушендерінің бұрынғы файтері америкалық Джордан Янг 27 жасында қайтыс болды. Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды vesti.kz.

Янгтың соңғы қарсыласы ресейлік Омар Ахмедов болған, 28 қазанда өткен PFL турнирінде америкалық оны нокаутпен жеңген.

«Шешінетін жерден ақырын шығып, қараңғы бөлме тауып, жылап алдым. Бұған сене алмадым, дауысы құлағымда тұрғандай болды. Жұмысымды жалғастыру үшін өзіме келгенше біраз уақыт өтті», - деп береді бапкер Дерик Сантостың сөзін MMAJunkie.

Джордан Янг карьерасында 12 жеңіске жеткен, бір рет нокаутпен. Сонымен қоса, ол екі рет жеңілген.