Отшашудан көрінбей қалды: «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында жанкүйерлер пиротехника қолданған

Отшашудан көрінбей қалды: «Ақтөбе» – «Қайрат» матчында жанкүйерлер пиротехника қолданған

«Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы Қазақстан чемпионатының кезекті турында жанкүйерлер пиротехника қолданды, деп жазады Vesti.kz.

Ойын қорытындысы бойынша Алматының ұжымы 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч барысында жергілікті жанкүйерлер отшашып, стадион ішін көк түтінге толтырды. Ал кездесу аяқталған соң тіпті паркет ішіне футзалшылармен суретке түсу үшін шығып кетті. Сонымен қатар, трибунада отырған жанкүйерлер қонақ команда ойыншыларына балағат сөздер айтқан.

Еске салайық, қос ұжым арасындағы 9-10 тур нәтижесі 2:2 есебімен аяқталды.