Футзалдан Еуропа чемпионаты өтетін уақыт өзгеруі мүмкін

Футзалдан Еуропа чемпионаты өтетін уақыт өзгеруі мүмкін
blogspot.com

Еуропа чемпионатының уақыты өзгеруі мүмкін. Футзалдан құрлықтық дода қаңтардың соңы мен ақпанның басында Нидерландта өтуі керек еді. Бірақ бұл елде коронавирусқа байланысты қатаң локдаун жарияланды. Шектеулер 15 қаңтарға дейін жалғасады. Ал енді Еуропа чемпионатының уақытына қатысты нақты ақпарат қаңтардың 10-ына қарай белгілі болады. Соған қармастан ұлттық құрама жоспардағы жаттығуды жалғастыра береді. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің басшысы Асқар Әбілдаев вести.кз порталына берген сұхбатында мәлімдеді. Рикардо Кака баптайтын жігіттер 3 қаңтарда елордаға жиналып, жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Украинамен қос жолдастық кездесу бар. Айта кетейік, жуырда ғана Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді. Алғашқы матчта 3:1, екіншісінде 4:6 есебі тіркелді.

Жаңа жыл жұлдызы. Дәл осындай атаумен елордада би фестивалі өтті. Оған қаладағы көркем гимнастика мектептері мен орталықтарының шәкірттері қатысты. Бас-аяғы 300-ден аса үміткер 3 жас деңгейі бойынша сынға түсті. Қатысушылардың ең кішісі 6 жаста. Жарыстың форматы еркін. Яғни әр топ өзінің шығармашылық мүмкіндіктеріне қарай номер дайындайды. Ал оның бағасын кәсіпқой хореографтар мен білікті бапкерлер берді. Айта кету керек, мұндай форматтағы фестиваль алғаш өтіп тұр. Қаладағы көркем гимнастика федерациясы алдағы уақытта оны тұрақты ұйымдастырып, ауқымын және қатысушылар санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сайранбек Әбілқайыров,  қалалық көркем гимнастика федерациясының президенті