Жайық жұрты чемпионды қарсы алды

Жайық жұрты кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусіновты әуежайда ыстық ықыласпен күтіп алды.

Әсіресе, жас спортшылар үшін жарқын жүздесу болды. Боксшының жетістігі кейінгі буынның жігерін жани түскені анық. Әуежайға қарапайым тұрғындар келіп,  спортшыға алғыс пен жылы лебіз білдірді. Айта кетейік, Данияр Елеусінов ІВО тұжырымдамасы бойынша аргентиналық Хуан Эрнан ЛеаЛмен жүлдені сарапқа салған еді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Айқын ұпай басымдығымен отандасымыз жеңіске жетті.

Данияр Елеусінов, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы:

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнағаныма өте қуаныштымын. Ақ Жайық жұртшылығына тек жақсылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ақ Жайық өңірінің спортшылары тек қуанта берсін.