Геннадий Головкиннің есеп-шотында қанша ақша бар

Геннадий Головкиннің есеп-шотында қанша ақша бар

Boxingnews24.com сайты Геннадий Головкинге қатысты материал жариялады. Онда отандасымыздың есепшотында қанша ақша бар екенін айтылған, деп жазады Vesti.kz.

Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеді. Ол соңғы рет Нью-Йорк қаласында польшалық Камил Шереметамен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Содан соң қазақстандық боксшы биыл желтоқсанның соңында орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі керек еді. Алайда Жапониядаға карантиндік шараларға байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді. 

«Біраз уақыттан бері кездесу өткізбеген Головкин аз болса да, танымалдылығынан айырылды. Дегенмен бұл мәселе оны уайымдата ма, жоқ па білмейміз. Себебі, қазақстандық боксшы карьерасын аяқтауға жақын. Шынымды айтсам, Геннадий енді екі кездесу өткізсе, оның өзі жаман емес. Celebrity Net Worth ақпараты бойынша, Головкиннің байлығы 30 миллионға тең. Егер чемпионның мұндай байлығы болмағанда, ол 12 ай бойы демалмай, баяғыда жекпе-жек өткізетін еді», деп жазады автор. 

Айта кетейік, бүгін танымал промоутер Эдди Хирн Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің наурыз немесе сәуір айында өтетінін болжады.