V Қысқы республикалық спартакиадада алматылық спортшылар жеңіске жетті

V Қысқы республикалық спартакиадада алматылық спортшылар жеңіске жетті
inform.kz

Алматыда V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды.

Алматы қаласының спорт басқармасында мәлім еткендей, желтоқсан айының 4-27 аралығында өткен V Қысқы республикалық спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 5795,4 ұпаймен Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды – ШҚО командасы алды.  Үшінші орын – Ақмола облысының спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, алматылық атлеттердің қанжығасында 6 алтын және 5 күміс медаль бар. Спартакиаданың аяқталу рәсімі бүгін «Almaty Arena» мұз айдынында өтті. Бұған дейінгі өткен спартакиада да алматылық спортшылар жеңімпаз атанған болатын.

Қысқы спорт ойындарына еліміздің ең мықты спортшылары: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, ерлер мен әйелдер арасында шайбалы хоккей, тау шаңғысы спорты, аралас шаңғы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика спорт түрлері бойынша сынға түсті.