Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

29 ел келетінін растады. Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Айта кету керек, елорда бұндай жарысты алғаш қабылдағалы отыр. Оған кемінде 29 елдің құрамасы қатысады. Бұл жөнінде құзырлы федерацияға сілтеме жасап, Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді. Байрақты бәсеке елорда төріндегі жеңіл атлетика манежінде өтеді. Су жаңа спорттық кешенде жуырда ғана жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс болды. Онда 150-ден аса спортшы 16 бағытта өзара мықтыны анықтады. Осы арқылы отандық спортшылар шеберлігін шыңдады, бақса жағынан, спорттық кешен айтулы аламан алдында арнайы тесттен өтті. Азия чемпионаты 11 және 13 ақпан аралығында болады. Оның қатысушылары жеңіл атлетиканың 27 түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды деп жоспарланып отыр.

Жыл үздіктері марапатталды

Елордада үздік спортшылар марапатталды. Әсіресе олимпиадалық спорт түрлері бойынша қалалық құрама биыл 192 республикалық және 135 халықаралық жарысқа қатысып, 700-ге жуық медаль жеңіп алды. Оның 237-сі алтын. Осыған байланысты ерекше көзге түсіп, ел абыройын асқақтатқандарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, бокстан аға жаттықтырушы Асқар Еркебаев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі Абзал Ажғалиевтерге тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған меркелік медаль табысталды. Бұған қоса Асқар Абдрашев, Берік Мыржықпаев, Андрей Красников сияқты мамандардың еңбегі еленіп, арнайы сыйлық берілді. Олимпиадалық бағыттар бойынша үздік спортшылар мен үздік бапкерлер анықталды. Сонымен қатар алдағы Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғайтын елордалық спортшыларға да ерекше құрмет көрсетілді.