Ел спортшылары Бейжің олимпиадасына дайындыққа кірісті

Ел спортшылары Бейжің олимпиадасына дайындыққа кірісті

Қоржында 9 жолдама бар. Қазақстандық шорт-трек шеберлері лицензиялық турнирлерді аяқтап, Бейжің олимпиадасына дайындықты бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

4 бірдей әлем кубогының нәтижесінде ұлттық құрама 9 жолдама жеңіп алды. Оның ішінде 5 спортшымыз  500, 1000 және 1500 метрлерде бағын сынайды. Бұдан бөлек, аралас эстафетада жүлдеге қол созып көреді. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер аталған жарыстардан кейін сәл тынығып, Түркияда жаттығу жинын өткізді. Енді қазір қайтадан елордаға оралып, соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ұлттық құрама Бейжің олимпиадасына осы жерден аттанады. Қысқы ойындарға бірер апта қалғанда мұз сарайы карантинге жабылып, ұйымдастырушы тараптың санитарлық талаптарын сақтауы қажет.

ДЗЮДОШЫДАРЫМЫЗ АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚТА

Дзюдошыдарымыз алдыңғы ондықта. Халықаралық дзюдо федерациясы жылды қортындылап, спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Оның ішінде 3 бірдей ұлттық құрама өкілі үздіктер қатарына іліккен.

Атап айтар болсақ, 60 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов, сәйкесінше, 9 және 10 сатыларға жайғасты. Ал орта салмақтағы Жансай Смағұлов 8 орыннан табылды. Бұдан бөлек, Ислам Бозбаев өз салмағында 18, Елдос Жұмақанов  19, ал Ерлан Серікжанов 22 тұр. Ауыр салмақтағы Дидар Хамза 32, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 33 сатыда.

Айта кетейік, алдағы жылдан бастап Сметов пен Қырғызбаев салмақ ауыстырады. Олар енді 66 келіде өнер көрсетпек. Ал Ерлан Серікжанов орта салмаққа көтеріледі.

АРНАЙЫ КУБОКТЫ САРАПҚА САЛДЫ

Орталық және солтүстік өңірдің волейболшылары Арқалыққа жиналды. Бұнда тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жарыс өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Қостанай, Арқалық қаларының және бірнеше аудан құрамасы қатысты. Бас-аяғы 10 команда екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қызылбел ауылының спортшылары барлық қарсыласын ұтып, бас жүлдені жеңіп алды. Үздік үштікті Қостанай мен жергілікті командалар түйіндеді. Бұған қоса, жарыс аясында үздік ойыншы, үздік шабуылшы және үздік доп үйлестіруші анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Осындай форматтағы жарысты енді алдағы уақытта тұрақты өткізу жоспарланып отыр. Өйткені оның артында ұлт саулығын қалыптастыру мен бұқаралық спорт дамыту мәселелері тұр дейді ұйымдастырушылар.