Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты тоқтатылды

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты тоқтатылды
Интерфакс

Хоккейден жастар арасында Канадада өтіп жатқан әлем чемпионаты ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған турнир қатысушыларының жаппай коронавирус жұқтыруы себеп болды.

IIHF президенті Люк Тардифтің айтуынша, COVID-19, оның ішінде «омикрон» штамының тарауы федерацияны «кез келген ықтимал қауіпті тоқтатуға» тырысу үшін Канада мен Альберта хаттамаларын қайта қарауға мәжбүр етті.