Елордалықтар жаңажылдық марафонға қатысты

Жаңа жылда бастысы – деннің саулығы. Елордалықтар барыс жылын салауатты өмір салтымен қарсы алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақ елі монументі алдында бастау алған марафонға кісі көп жиылды. Мәре –2022 метр. Жұрт қыстың қытымыр аязына да қарап жатқан жоқ. Бой қыздырып, есіктен енген барыс жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы қалды. «Акцияның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Елдің салауатты өмір салтын ұстануына жағдай туғызып, ой салу», – дейді ұйымдастырушылар.