Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда турнирдің жеңімпазы атанды

Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, тағы бір қазақстандық Анна Данилина украиналық Валерия Страховамен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4. Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14, ал биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.