Мбаппе мансабындағы 200-голын соқты

Мбаппе мансабындағы 200-голын соқты
Football.ua

«ПСЖ» Франция кубогының 1/16 финалында «Ваннды» 4:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында шабуылшы Килиан Мбаппе хет-трик жасады. 

Осылайша Мбаппе мансабында 200-ден аса гол соқты. Қазір оның еншісінде 201 гол бар.

Мбаппе «ПСЖ» сапында 151, «Монако» сапында 27 және Франция құрамасында 24 гол соқты.