«Шахтер» командасынан тоғыз футболшы кетеді

«Шахтер» командасынан тоғыз футболшы кетеді

«Шахтер» ресми түрде тоғыз ойыншысымен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шахтердің» қорғаушылары Давид Атанаскоски, Андрей Буйволов, Ескендір Қыбырай, жартылай қорғаушылар Геворг Наджарян, Алан Чочиев, Давид Мавутор, шабуылшылар Мартин Тошев, Евгений Шикавка және Оралхан Өміртаев командадан кетеді. 

Біз ойыншыларға командада өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және олардың болашақ мансабында сәттілік тілейміз» деп жазады клубтың баспасөз қызметі.