Спорт ардагерлері халық жасағын құрды

Спорт жаңалықтары

Алматыда спорт ардагері, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, КСРО-ның 8 дүркін жеңімпазы, Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері, Қазақстанның Күрес федерациясының президенті, сондай-ақ Азия Күрес Федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов бастаған беделді спортшылар халық жасағын құрып жатыр.

Олар оңтүстік мегаполистегі нысандарды күзетіп, жастар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Даңқты қазақ балуаны іні-бауырларымыз экстремистердің арандатушылығына ермей, сабырға келуі керек дейді.

Дәулет Тұрлыханов, даңқты балуан, Қазақстан күрес федерациясының президенті:

- Қазақстан патриоты ретінде, ел азаматы ретінде, Қазақстан спортшыларының атынан, Қазақстан жаттықтырушыларының атынан, спорт жанкүйерлерінің атынан, спорт ардагерлерінің атынан айтатыным, елді сабырлылыққа шақыру. Мұндай іс-қимылымызбен біз егеменді, Қазақстанымызды болашаққа көтеріп, гүлдетіп, жасай алмаймыз. Бізді билік естіді. Батыста басталған осы шерулерден кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа деген жолдауында осы мәселелердің бәріне нақты-нақты тоқталып, айтып кетті. Сондықтан айтатыным, заңға сәйкес, Конституциямызға тікелей қарай отырып, біз ертеңгі Қазақстанымыздың егемендігі туралы ойлануымыз керек. Ата-аналарға айтатыным, Алматы көшелерінде шектен тыс заңға жатпайтын жағдайларды көрсетіп жүрген жас інілерімізді тауып, үйге шақыруымыз керек, олар адасып жүр. Адаспау керек. Сондықтан біз де әке ретінде, шеше ретінде өз балаларымыз үшін қам жеп, үйде ұстап отырмыз. Мысалы, көшедегі жас жігіттерден сен не үшін шығып бара жатырсың деп сұрасам, олар білмейді. Сондықтан ол бүгін біреудің алдауына түсіп жатыр, сондықтан іні-қарындастарым, мен сіздерді сабырлыққа шақырамын. Адаспаңыздар. Біз біргеміз. Билік сіздер мен біздерді естіді. Біздің бар проблемаларымыз болашақта шешіледі. Қазақстанымыз гүлдейді. Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті