Анна Данилина алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты

Анна Данилина алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты
Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина карьерасында алғаш рет Австралия ашық чемпионаты жұптық сынының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анна Данилина бразилиялық Беатрис Аддад Майямен бірге жапон дуэті Сюко Аояма мен Эной Сибахараны жеңді – 6:4, 5:7, 6:4.

Матч 2 сағат, 18 минутқа созылды.

Финалда олар Катерина Синякова/Барбора Крейчикова мен Вероника Кудерметова/Элиза Мертенс жұбының жеңімпазымен кездеседі.