Шавкат Рахмонов UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық Шавкат Рахмонов (14-0) 5 ақпан күні UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізеді.
Шавкат Рахмонов Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 200 турнирде гайандық Карлстон Харриспен (17-4) кездеседі. Бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.
Қазақстандық спортшы ең ірі ММА-промоушнға алғаш рет 2020 жылдың қазанында қадам басты. Ол кезде бірінші раундта-ақ бразилиялық Алекс Оливейраны (22-11-1) жеңді.
Одан кейін 2021 жылғы маусымда Рахмонов Бразилияның тағы бір спортшысы – Мишел Празеристі (26-4) екінші раундта жықты.