Алматы облысындағы спорт кешені сейсмикалық тұрғыдан нығайтылып жатыр

Алматы облысындағы спорт кешені сейсмикалық тұрғыдан нығайтылып жатыр

Алматы облысының Шонжы ауылындағы төбесі опырылып түскен дене шынықтыру және спорт кешені қайта салына бастады.

Ғимарат сейсмикалық тұрғыда нығайтылып жатыр. Үш бөліктен тұратын нысанның құлаған аумағы тазартылып, бағаналарын нығайту қолға алынды.

Айта кетейік, құны 1 млрд теңге болатын кешен 2020 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Алайда спорт залдың метал конструкциясы шыдас бермей құлап түсті. Абырой болғанда, одан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір құрылыс аумағында 20-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Мердігер мекеме енді тапсырыс берген облыстық құрылыс басқармасымен қосымша келісім-шартқа отырмақ.

Алексей Косырев, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Жалпы ғимараттың 70 процентін салып бітірдік. Келісім-шарт жасалған соң жұмыс қарқынын арттырамыз. Сонда спорт кешенін қыркүйек айында емес, мамыр, маусым айында пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.