Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлемдік WTT маусымында сынға түседі

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлемдік WTT маусымында сынға түседі
ҚР ҰОК

Тунисте үстел теннисінен WTT жасөспірімдер маусымы басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

15 және 19 жасқа дейінгі санатта әлемнің 25 елінен келген спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан атынан Алан Құрманғалиев сынға түседі. Ол жекелей сында тунистік Айдли Юфссефпен кездеседі.